×
429.57
447.35
6.94
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
429.57
447.35
6.94

Қазақстанда голландиялық роботтар малдың тезегін тазалайды, шөп салады

15.04.2022, 17:33
Фото: ашық дереккөзден

Ферма «ангус» тұқымды сиыр асырауды қолға алып жатыр. Ферма 500 басқа арналған Pavlodarnews.kz.

- Біз Қазақстандағы алғашқы технологиямен жұмыс жасаймыз. Голландиялық компанияның роботтары іске қосылады. Роботтар малдың тезегін тазалайды, шөп салады. Шөп, жем базасы дайын. Құрылысы осы сәуір айында басталып, 2023 жылы іске қосылады, - деді заманауи ферма басшысы Қуаныш Баймағамбетов.

Жоба аясында ферманың жанында сүт зауыты да салынады.

- Зауытта таза сүт шығарылады. Экологиялық өнім болмақ. Сүт сауылып, тура зауытқа түседі. Ешбір көлікпен тасымалданбайды. Мұндай зауыт та елімізде алғашқы рет салынбақ, - деді Қуаныш Баймағамбетов.