ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі ел аумағында тауар белгілерін заңсыз пайдалану фактілерін анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Сонымен, Шымкентте Tide, Ariel және "Миф" маркаларымен The Procter&Gamble компаниясының контрафактілік кір жуғыш ұнтақтарын дайындау жөніндегі жасырын цехтың қызметі тоқтатылды.
Контрафактілік өнімдердің 1 790 қорабы, оларды дайындауға, өлшеуге және өлшеп-орауға арналған шикізат пен жабдықтар табылып, тәркіленді.