×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Отырар ауданында бір жарым жасар баланы көлік сүйреп кеткен

16.04.2022, 11:34
Скрин: КТК

Түркістан облысында балабақшаға кеткен балақай ауруханадан бір-ақ шықты. Отырар ауданында бір жарым жастағы бүлдіршінді көлік сүйреп кеткен. КТК телеарнасының хабарлауынша, оқыс оқиғаны жасырып қалғысы келген басшылар анасына да дер кезінде хабар бермеген. 

- Баламды өлімші ете тұра, жәй салғырт қарағаны үшін «ештеңе болған жоқ, тасқа сүрінді» дегені үшін білім бөлімі басшысын, ауруханаға әкелуге кедергі келтіргені үшін поликлиника меңгерушісін, одан кейін балабақшаның бүкіл қызметкерлерін, жүргізушісінен бастап тәрбие бастығына дейін мен арыз жазып, олардың сотталуын талап етемін, - дейді жәбірленушінің анасы Ажар Пернебек.

 Өз аяғымен балабақшаға кеткен бір жарым жасар Ханның денесінде сау жері жоқ. Аяғы сынып, жамбасы шығып, басы жарылып, миы шайқалыпты. Ауруханаға түскеннен бері түні бойы шырылдап жылап ұйықтамайды. Ал балабақша басшысы істі жылы жабу үшін ақша ұсынды дейді анасы. Тіпті балаларды тасымалдайтын көліктің сүйреп кеткенін де айтпай, «ұлыңыз құлап қалды» деп жұбатқан. Алайда аталмыш істі тергеп жатқан полицейлер бүлдіршінді «көлік қақты» деген ақпарат таратты. Соған қарамастан аудандық білім бөліміндегілер бір жарым жастағы Хан «өзі құлап қалды» дегеннен танбай отыр.

- Сол күні атааналардың бастамасымен балабақша тәрбиеленушілерін тасымалдайтын Фольксваген Опель маркалы жеңіл автокөлігімен заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз, ата-анасыз, түсіп, тәрбиешісіне қарай жүгірген кезде тасқа сүрініп құлаған. Баланың беті мен бас терісі сырылған, сан сүйегі сынған, - дейді Отырар ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Жанат Мұсатаева.