Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның Жуалы ауданы Талапты ауылында тұрған үйі музейге айналады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Жамбыл облысында Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойын тиісті деңгейде атап өту үшін қажетті шаралар қабылданып жатқаны белгілі болды. Тұлғаның Жуалыда өзі тұрған үйінде музейі ашылмақ.
Бұдан бөлек, өңірдегі төрт мектеп қабырғалы қаламгердің есімін еншілеген. Біртуар тұлғаның ескерткішін салу мәселесі де қаралуда.