Петропавл 2-ЖЭО жұмысын қалыпқа келтіру бойынша жол картасы әзірленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жол картасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы 17,5 млрд теңгені құрайтын бес блокқа бөлінген.
"Бұл ЖЭО-ның алдағы жылу беру маусымына уақытылы әрі сапалы дайындығын қамтамасыз етеді", - дейді Энергетика министрлігі.
Естеріңізге сала кетейік, 20 наурызда Петропавл 2-ЖЭО-да №1 түтін құбыры құлап, ТЖ кезінде станцияның 38 жастағы қызметкері қаза тапты. "ЖЭО-2" ЖШС директоры мен кәсіпорынның бас инженері ұсталып, Петропавл полиция басқармасының УҰИ-не қамалды. 27 наурызда тағы бір апат болды. 29 наурызда шлак құбыры істен шықты, бірақ компания бұл ақау қаланы жылумен қамтамасыз етуге әсер етпейтінін айтты. 1 сәуірде "Севказэнерго"АҚ Бас директоры ұсталды.
Петропавл ЖЭО 1961 жылы пайдалануға берілді және СҚО-да электр және жылу энергиясының жалғыз көзі. Станцияның негізгі жабдықтарының тозуы 56,1% құрайды. 2021 жылы ЖЭО облыс пен Петропавл қаласының ішкі тұтыну көлемі 1,729 млрд. кВтсағ болғанда 2,709 млрд. кВтс электр энергиясын өндірді.