×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

Алматы-Шымкент тас жолында көлік апатынан 1 адам көз жұмды, 7 адам жараланды

18.04.2022, 12:00
Фото: Отырар телеарнасы

17 сәуірде сағат 21: 30-да "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автожолының 4-шақырымында минивэн мен жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Отырар телеарнасы.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, Toyota Alphard  жүргізушісі HOWO жүк көлігін артынан соққан. Екі көлік те Алматыдан Қызылордаға жолға шыққан. Минивэн жолаушысы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Түрлі жарақаттары бар тағы 5 жолаушы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

"Зардап шеккендердің екеуі ренаимация бөліміне, екеуі травматология бөліміне жатқызылды, бір науқасқа сол жерде көмек көрсетіліп, үйлеріне амбулаториялық емделуге жіберілді. Барлық пациенттердің жағдайы тұрақты. Екеуі бүгін таңертең реанимациядан қарапайым палаталарға ауыстырылды", - деп хабарлады Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.