×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

«Отставкаға кетсін» - Ғали Есқалиев батысқазақстандықтардың петициясына жауап берді

19.04.2022, 11:03
Фото: ашық дереккөзден

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысының тұрғындары аймақ әкімінің отставкаға кетуін талап етіп петиция жариялаған. Ал әкім орынын босатуға дайын ба? Бұл сұраққа әкім Ғали Есқалиевтің өзі үкімет кулуарында жауап берді, деп жазады Ulysmedia.kz тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, әр өңірдің өзекті мәселесі бар. Өздеріңіз білесіздер, заң бойынша, президент шешім қабылдайды», - деді ол.

«Ал халық қалап тұрғанда азаматтық танытып, орыныңызды босатуға дайынсыз ба? Лауазымды қимай тұрсыз ба?» - деп сұрады журналистер.

«Бәріне бірдей жаға алмаймын. Бірақ президент шешім қабылдаса, кетуге дайынмын», - деді Есқалиев.

Ол петицияны оқымағанын, танысқан соң нақты пікір айта аламын дегенді айтты.

Журналистердің айтуынша, шамамен үш облыс әкімінің ғана отставкаға кетуді талап ету петициясы жарияланды. «Көп емес». Солардың бірі – Ғали Есқалиев. Оған дейін белгілі блогер Ғалым Байтоқ та Ғали Есқалиев "ары кетсе вице-министр" деңгейіндегі шенеунік екенін айтқан болатын.