×
429.57
447.35
6.94
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
429.57
447.35
6.94

Бас прокуратура: Шымкент әкімдігіне шабуыл жасаған 20 адамның көзі жойылды

19.04.2022, 12:34
Фото: ашық дереккөзден

Сондай-ақ, Тараз қаласы әкімдігі мен Жамбыл облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратына шабуыл жасаған 11 адам көз жұмды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қаңтар қақтығысы кезінде полиция қызметкерлері Шымкент әкімдігінің ғимаратына шабуыл жасаған 20 адамның көзін жойды, деп хабарлады Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.

"5-6 қаңтарға қараған түні Шымкент қаласы әкімдігінің ғимаратына қарулы шабуыл басталды. Полиция қызметкерлері 3000-нан астам адамның шабуылына тосқауыл қойды. Олардың көпшілігі атыс қаруымен болды", - деді Елдос Қилымжанов ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері тек резеңке оқтар мен жарық-шу гранаталарын қолданған.

"Алайда, бұл шаралар қылмыскерлерді тоқтатпады, олар жазаланбайтынын сезініп, жаппай агрессия мен қатыгездікке бой алдырды. Тек үш қарулы шабуылдан соң және қызметкерлердің өміріне қауіп төнгеннен кейін атыс қаруын қолдану туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде 20 шабуылшы қаза тапты", - деп түйіндеді Елдос Қилымжанов.

Оның айтуынша, 6 қаңтарда Тараз қаласы әкімдігі мен Жамбыл облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимараттарына осындай қарулы шабуыл жасалған.

"500-ге жуық адамнан тұратын қарулы топ аталған ғимараттарға оқ жаудырып, полиция қызметкерін өлтірді. Осыған байланысты құқық қорғау органдары жауап оқ жаудырды, нәтижесінде 11 қылмыскер жойылды", – деп толықтырды қызмет басшысының орынбасары.

Медициналық талдау тоғыз адамның мас және екеуінің есірткі пайдаланғанын анықтаған.