×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

«Өмір солай»: Даниал Ахметов тағы бес жыл әкім болғысы келеді

08.03.2023, 08:56
Фото: Ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жоспарын жүзеге асыру үшін тағы бес жыл қажет екенін айтты. Бұл туралы әкім Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында мәлім етті.

Сұхбат алу жөніндегі ұсынысты әкімдердің бәріне былтыр жіберген едік. Өзі жайлы, өңірі жайлы әңгіме қозғар, айтарын айтар деген үміт бар еді. Әкімдердің бәрі бұл ұсынысты елеген жоқ. Әйткенмен, күтпеген жерден Шығыс Қазақстанның әкімі Даниал Ахметов әдеттегі әкімдердей алдын ала сұрақ жолдауды сұрамай, сұхбатқа келіскенін атап өтейік. Сұхбат беру үшін ол Өскеменге сайттың бас редакторы Самал Ибраеваны шақырды.

Даниал Кенжетайұлы Ахметов – Қазақстанның саяси өмірінде ұзақтан бері келе жатқан адам. Еңбек жолын 1976 жылы Екібастұз қаласында Бүкілодақтық комсомол құрылыс учаскесінде бригадир болып бастаған. Одан кейін инженер, әкім, министр, вице-премьер және премьер-министр болса, 2014 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысын басқарып келеді.

Сұхбатқа барысында әкімнен көптің көкейіндегі сұрақтарға жауап алуға тырыстық.

«Барша ауданда біз жоспарды айттық. Аудандарымыз қалай дамиды? Бұрынғы аудан орталықтарында не істеу керек? 387 ауылда не істейміз? Соның бәрін біз айтып бердік. Барша халық білуі керек. Неге десеңіз, мыңдаған данамен (ақпаратты) газетке шығардық. Бір отбасыға бір газет алдық. Жылдан жылға жоспарды барша халыққа таратып жүрміз. Сөзсіз біздің барлық бағдарламамыз іске асырылады», - дейді Ахметов сұхбатында.

Әкім журналистің «ол үшін сізге қанша уақыт қажет?» деген сұрағына «жалпы біздің бағдарламаның ұзақтығы – бес жыл» деп жауап берді.

«Неге десеңіз, оған уақыт керек. Қаржы керек. Барша мәселенің, проблеманың уақыты болады ғой. Бір күннің ішінде сіз Америкаға бара алмайсыз. Сегізінші қабатқа шыға алмайсыз. Баспалдақпен асықпай баруыңыз керек. Біз де дәл солаймыз. Өмір солай», - дейді Даниал Ахметов.

Сұхбаттың толық нұсқасын сайттың youtube арнасынан көре аласыздар!

Серіктес жаңалықтары