×
416.91
446.47
7.34
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
416.91
446.47
7.34

Киіктер жайылған млн-даған гектар жер шаруаларға беріліп келген - Нысанбаев

21.04.2022, 13:19
Фото: ашық дереккөзден

БҚО-да киіктер жайылым жерлерді отап, шөп өспей жатыр деген шаруалардың шағымына Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау комитетін талай жыл басқарған экс-шенеунік Ерлан Нысанбаев пікір білдірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

- Батыс Қазақстанда бес ауданның әкімдігі мен диқаншылары жайылымдарға киік келіп жатыр, саны көбейіп кетті, ату керек , санын азайту керек деп жатыр. Жағдай олай емес.1993 жылдан бері мыңдаған киік жайылған миллиондаған гекта жайылымдар ауыл шаруашылық нысанындағы жерлерге ауыстырылып шаруаларға беріліп кеткен. Айта берсең әңгіме көп. Даламыздың сәні киіктеріміз көбейе берсін, - деп жазды Фейсбукте Ерлан Нысанбаев.

Еске салсақ, БҚО- да белсегділер Киіктер жайылым жерлерді отап, мал азығын қамдауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан шаруаларға субсидия төлеу мәселесін шешу қажет деген болатын. 

2021 жылғы санақ бойынша, Қазақстанда киіктердің жалпы саны 842 мың басты құрады. Оның ішінде популяциялар бойынша: Орал 545 мың, бетпақ далалы 285 мың, Үстірт 12 мың бас.