Кейінгі аптада Петропавлда зиянды заттардың шекті концентрациясының шамадан тыс артуының 100-ге тарта жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Петропавловскnews ақпарат көзіне сілтеме жасап.
Дереккөздің хабарлауынша, қаланы тағы күкіртсутек бұлты басып қалған. Оның жоғары концентрациясы салдарынан Қызылжар бүгін де Қазақстанның ең лас қаласының қатарына кірген.
«Қалаға көктем сайын жасалатын «газды шабуылдың» бірнеше жылдан бергі тарихы бар: тазарту құрылымдарындағы биопруд мұз еріген сайын сасиды», - деп хабарлайды ақпарат көзі.
Биопруд инновациялық жолмен тазартылуы керек. Солай деп те шешілген. Оған хлорелдің мыңдаған тоннасы себілуі керек екен. Алайда бұл амал петропавльдықтарды құтқармапты.