×
475.51
464.15
8.2
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
475.51
464.15
8.2

СҚО-да жол апатынан 1 адам көз жұмып, 5 адам жарақат алды

24.04.2022, 14:27
Фото: Ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында жолаушылар автобусы жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылды. Салдарынан 17 жастағы бойжеткен қаза болып, 5 адам зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 сәуір күні сағат 14.00 кезінде «Челябі-Новосібір» автожолының 557-шақырымында «ГАЗ-А65R52» маркалы көлік жол апатына ұшырады. Салдарынан 2005 жылы туған бойжеткен оқиға орнында көз жұмды.

5 адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемелерге жеткізілді. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Басталған сотқа дейінгі тергеу аясында полицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін анықтайтын болады. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаға қатысты жазба әлеуметтік желіде пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік апаты облыс орталығынан 20 км жерде, Асаново елді мекенінің маңында болған. Петропавл-Ганькино бағыты бойынша жүретін көліктің жүргізушісі ұйықтап кеткендіктен осы жағдай тіркелуі мүмкін.