×
476.89
462.2
8.31
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.89
462.2
8.31

Түркістан және Маңғыстау облыстары ең кедей өңірлер ретінде тіркелді

26.04.2022, 12:31
Фото: ашық дереккөзден

Үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына жетпейтін халықтың үлесі 2021 жылы 5,2% құрады (2020 жылы – 5,3%), деп хабарлайды ulysmedia.kz.

2021 жылы өңірлер бөлінісіндегі кедейліктің ең жоғары деңгейі Түркістан (9,8%), Маңғыстау (8,6%) облыстарында, ең аз үлесі – Нұр-Сұлтан (2,2%) қаласында тіркелді.

2021 жылы өңірлер бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына жетпейтін халықтың үлесі

Қала және ауыл тұрғындары табысының едәуір саралануы сақталған. Мәселен, қалалық жердегі табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз халықтың үлесі 3,8%, ал ауылдық жерде 7,2%. 2021 жылы кедейліктің ауылдық және қалалық деңгейлері арасындағы ең үлкен айырмашылық Атырау (9,1 есе) және Маңғыстау (4,3 есе) облыстарында байқалды.

2021 жылы өңірлер бойынша қалалық және ауылдық жерлердегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі

«Кедейлік деңгейі – ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар (тұтынуға пайдаланылған)  халық санының халықтың жалпы санына шаққандағы пайыздық қатынасы. ҚР бойынша 2021 жылы жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы орта есеппен айына 37 266 теңгені құрады. Бұл ретте әрбір өңірдің өзінің ең төменгі күнкөріс деңгейі есептеледі», - деп толықтырды ҚР СЖРА  Ұлттық статистика бюросының Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаментінің директоры Наталья Белоносова.