×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

1,2 млрд теңгеге салынған «Көне Тараз музейінің» төбесінен су сорғалап тұр

27.04.2022, 13:35
Фото: Ашық дереккөзден

Алып ғимарат Қазақ хандығының 550 жылдығына орай салынған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс отырысында бұл мәселені депутат Мейрамбек Төлепберген көтерді. Оның айтуынша, «Көне Тараз музейінің» атақ-даңқы алысқа кетіп, сырттай әсемдігі көз тартқанымен, су жаңа музей ғимараты сапасыз салынған болып шықты.

«Төбесінен су сорғалады, жертөле үй-жайы жарамсыз, кәріз жүйесі, электрмен жабдықтау, желдету және жылыту, салқындату жүйелері мүлдем жұмыс істемейді. Бұл құрылысты салуға және сол уақытта музейлендіруге 1 млрд. 200 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Осыншама мемлекет қаржысы ауаға ұшқанмен бірдей болады. Жергілікті атқару органдары бас мердігердің жұмысты сапасыз орындағаны үшін келісім-шартты бұзуы, одан кейін қайта жөндеу жұмыстарына жүгінуі ешқандай нәтиже берген жоқ. Жеті жылға жуық жұмыс істемей, көзге күйік болып, қаңқиып тұрған бұл музейдің тағдыры қалай болғанда да шешілуі тиіс», - дейді ол.

«Аманат» партиясының мүшелері осыған байланысты үкіметтен «сақалды құрылысты» аяқтаудың амалын қарастыруды, шешім қабылдаған шенеуніктердің     жауапкершілік    деңгейін анықтауды, мұндай сорақылықтың    қайталанбауы    үшін    құқықтық   жағдай жасауды қарастыруды сұрады.