×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Павлодарда бойжеткен селфи жасаймын деп, пойыз үстінде тоққа түсті

01.05.2022, 16:36
Фото: Ашық дереккөзден

Павлодар тұрғыны пойыздың төбесінде селфи жасаймын деп ауыр жағдайда ауруханаға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы

Pavlodarnews порталының жазуынша, бойжеткеннің жағдайы ауыр. Қайғылы оқиға Жолқұдық теміржол стансасында болған. 18 жастағы қыз селфи түсіру үшін пойыз вагонының үстіне шыққан кезде оны тоқ соққан.

«Бойжеткенді электр тогы соққан. Денесінің жартысы термиялық күйік алған, сондай-ақ ІІ-ІІІ дәрежелі травмалық шок бар. Басының шаш өсетін бөлігі соғылған», - деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің сөзіне қарағанда қыздың денесінің 50 пайызы күйіп қалған. Атап айтқанда денесінің оң жағы, аяғы мен қолы. Бойжеткеннің пойыз вагонына селфи үшін өрмелеп шыққанын куәгерлер айтқан.