×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Бюллетенде Думан Мұхаметкәрімнің аты-жөні жоқ – Байсерке тұрғыны

19.03.2023, 13:04
Коллаж: Ulysmedia.kz

Алматы облысының Іле ауданы Байсерке аулының тұрғыны Әділбек Утамбеков атты азамат алған бес бюллетеннің ішінен Думан Мұхамедкәрімдікін таба алмаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол Байсеркедегі №372 сайлау учаскесіне барып дауыс бермек болған. 

"Мынаның ішінде Думан жоқ қой деп едім, сол жердегілер біреуін алып қалып, бюллетеннің (Кузиевтікінің бірін) төртеуін қолыма берді. Бар шық деп қоймайды. Бой бермейді. Құдайдан қорықпайтын адам екен (сайлау учаскесіндегі адамды айтады). 

Менен кейін тағы бір жігіт сол учаскеде Думанның есімі бар бюллетенді талап етті. Оған бірақ айқай шыққаннан кейін берген. Өзімізді жынды қылып жіберді", – деді Әділбек Ulysmedia порталына.

Айта кетейік, журналист Думан Мұхаметкәрім Алматы облысында Балқаш, Жамбыл, Қарасай, Іле аудандары кіретін №12 округтен сайлауға қатысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары