×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Алматыда шерушілер Сталин мен Берияның суретін алып шықты

09.05.2022, 13:49
Фото: Күлтегін Аспанұлының facebook парақшасынан

«Батырларға тағзым» атты шеру жұрттың қызу талқысына түсіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Соғысқа қатысушылардың портреттерімен қала тұрғындары мен қонақтары орталық мәдениет және демалыс саябағынан саябаққа дейін жүріп өткен. 28 гвардияшы-панфиловшылар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойған. Бірақ шерушілер арасында Сталин мен Берияның суретін алып шыққандар да кездесті. Олардың фотосуретін журналист Асан Анарбайұлы әлеуметтік желіде жариялады. Қазір шерушілердің бұл әрекеті қоғамның қызу талқысына айналып отыр.

Айта кетейік, Алматы - бұл акция офлайн режимде өткен жалғыз қаласы. Бұған дейін акция ұйымдастырушылары «Мәңгілік полк» атауын өзгертіп, іс-шараға қатысушылардан оқиғаны «саясиландырмауды» өтінген болатын. Олар георгий лентасын «арандатушы символизм» деп атап, азаматтарды оны пайдаланбауға шақырды. Шеруге тыйым салынған белгілердің ішінде Z, V, қызыл жалаулар және басқа елдердің мемлекеттік жалаулары да болған.