×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Павлодарда екі ай бұрын қызметіне кіріскен әкім жұмыстан қуылуы мүмкін

30.03.2023, 14:31
Павлодарда екі ай бұрын қызметіне кіріскен әкім жұмыстан қуылуы мүмкін
фото: ашық дереккөзден

Әлкей Марғұлан атындағы ауылдың әкімі Бауыржан Бозтаев жұмыста ішімдік ішкені үшін қызметінен босатылуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ержан Қарымсақов мәлім етті.

Оның сөзінше, Бауыржан Бозтаевтың жұмыста мас халде болғаны туралы мәліметті ауыл тұрғыны қалалық әкімдік төрағасының сенім телефоны арқылы жеткізген.

Әкім ішімдік ішкенін жасырмаған, себебін де түсіндіріпті. Айтуынша, 15 наурызда академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылды су басу қаупі төнген. Шаруа қожалықтарымен бірге бірнеше сағат бойы суды бұру жұмыстарына қатысқан ол суық тиіп, «ем үшін» ішімдік ішкен.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері бірауыздан Екібастұз қаласының әкіміне Бауыржан Бозтаевты қызметінен босатуды ұсынды. Айта кетсек, ол бұл қызметке биыл 30 қаңтарда келген.