×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

«Антикорданмын» деп Каспий жағалауынан жер телімін талап еткен алаяқ ұсталды

21.05.2022, 16:01
Фото: Ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Антикор қызметкері» ретінде өзін таныстыра отырып, Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан коммерциялық объектілерді орналастыру үшін оның атына жер учаскесін ресімдеуді талап еткен 1997 жылғы Нұрбол Каримов әшкереледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Каримовтың заңсыз әрекеттері дер кезінде тоқтатылды.

Сол күні күдікті ұсталып, Ақтау қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Каримов бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін.

Осыған ұқсас фактілер бойынша ақпарат болған жағдайда Антикорупция қызметіне мына телефондар арқылы хабарласуды сұрайды: 1424, +7-778-783-93-01.