×
468.45
489.06
7.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.45
489.06
7.66

Шымкент перзентханасындағы жарылыс: 18 күндік шақалақ жан тапсырды

21.05.2022, 17:44
Фото: Ашық дереккөзден

Бұған дейін жарылыс салдарынан күзетшінің қаза болғаны айтылған еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы оқиға салдарынан бір қызметкер қаза болып, бір сәби (туғанына 18 күн болған, салмағы 70 грам) шетінегенін хабарлайды. Зардап шеккендер алдымен облыстық клиникалық ауруханаға, Шымкент қаллалық клиникалық ауруханасына, екніші ауруханаға жеткізілген.

Жарылыс кезінде орталықта 189 пациент пен 65 қызметкер болған.

Еске сала кетсек Шымкенттегі Иляев көшесіндегі жарысы туралы хабарлама 12.06-да түскен еді. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, ерітінді шығаратын емханаралық дәріхана нысанының қираған. Жарылыс салдарынан туындаған өрт толық сөндірілген. Алдын ала мәліметке сәйкес, жарылыс газ жиынтығынан шыққан. Оқиға орнында болған күзетші көз жұмғаны бұған дейін хабарланған болатын.

Оқиғаға байланысты ҚР ҚК (өрт қауіпсіздігінің сақталмауы салдарының кісі өліміне апарып соғуы) 293-бабы 5 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.