×
465.38
483.58
7.69
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
465.38
483.58
7.69

Шымкентте болған оқиғалар. Әйтенов кету керек пе?

22.05.2022, 11:43
Ulysmedia.kz

Кеше Шымкент тұрғындары үшін ауыр күн болды. Бір күнде екі төтенше жағдайдың орын алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шымкент қаласындағы №1 облыстық перинаталдық орталықтың жанында болған жарылыс болып, салдарынан бірнеше адам қаза болды.

"Өкінішке қарай 1979 жылы туған күзетші,1980 жылы туған жұмысшы және 18 күн бұрын туған бір сәби қайғылы оқиғаның құрбаны болды. Зардап шеккендерге көмек көрсету және осы қайғылы оқиғаны тергеу үшін ведомство барлық қажетті шараларды қабылдайды", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Тағы 8 адам зардап шекті, олардың барлығы қаланың медициналық мекемелеріне жатқызылды.

Оқиға кезінде перинаталдық орталықта 189 науқас пен 65 қызметкер болған. Олардың барлығы Шымкенттің басқа медициналық ұйымдарына көшірілді.

Шымкент қалалық Полиция департаменті жарылысқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

Сондай-ақ кеше "Ордабасы" - "Ақсу" матчы өтіп жатқан кезде Қажымұқан атындағы орталық стадионның негізгі ғимаратының шатыры опырылып құлады.

Құрылысы сапасыз салынған шатырды ұйытқып соққан жел ұшырып кетткен.

"Шатырдың құлау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 278-бабы, яғни "Сапасыз құрылыс" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды", – деп хабарлайды Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.

Жергілікті тұрғындар қаңтар қырғынынан кейін қала әкімі Мұрат Әйтеновті қызметінен босату үшін арнайы қол жинаған болатын. Бірнеше жылдан бері айтылып келе жатқан бұл мәселені қала тұрғындары мен әлеуметтік желі белсенділері тағы көтеріп жатыр.