×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Павлодарда жұмыс орнында ішімдік ішкен әкім ақыры қызметінен қуылды

03.04.2023, 17:37
Павлодарда жұмыс орнында ішімдік ішкен әкім ақыры қызметінен қуылды
7-su.kz

Павлодар облысында жұмыс орнында ішімдік ішкен ауыл әкімі жұмыс қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұдан бұрын Әлкей Марғұлан ауылының әкімі Бауыржан Бозтаевты лауазымынан босату ұсынылғанын хабарлағанбыз.

Бозтаевтың жұмыста мас халде болғаны туралы мәліметті ауыл тұрғыны Екібастұз қалалық әкімдік төрағасының сенім телефоны арқылы жеткізген.

Әкім ішімдік ішкенін жасырмай, себебін түсіндірген. Айтуынша, 15 наурызда академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылды су басу қаупі төнген. Шаруа қожалықтарымен бірге бірнеше сағат бойы суды бұру жұмыстарына қатысқан ол суық тиіп, «ем үшін» ішімдік ішкен.

"Этика кеңесінің ұсынысымен Әлкей Марғұлан ауылының әкімі Бауыржан Бозтаев лауазымынан босату түріндегі тәртіптік жазаға тартылды", – делінген Екібастұз әкімдігінің хабарламасында. 

Айта кетейік, ауыл тұрғындары өздері сайлаған әкімге қатысты қызметінен босатудан басқа кез келген жаза тағайындауды сұраған еді. Екібастұз әкімдігінің баспасөз қызметі бұл өтініштің назарға алынбағанын мәлімдеді.