×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Ақпанда үйқамаққа алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне қайта кірісті

25.05.2022, 09:44
фото: ашық дереккөзден

Биылғы жылдың ақпан айында лауазымын асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов қызметіне қайта оралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz inAktau.kz басылымына сілтеме жасап.

Қаржылық мониторинг агенттігі Ниязовтың ұсталғанын 4 ақпанда растаған. Хабарланғандай, әкімнің орынбасары екі айға қамауға алынған еді. 17 ақпанда сот "Үй қамағы" бұлтартпау шарасын тағайындаған. 

Бұл уақытқа дейін әкім орынбасары ақысыз еңбек демалысында болған. 

Тергеушілер Ғалымжан Ниязовты Энергетика министрлігіне хат жолдады деп айыптаған. Хатта ол меморандумды алып тастауды, төменгі және жоғарғы баға шегін белгілемей-ақ сұйтылған газды сатуды сұраған. Дәл осы шешім жанармай бағасының күрт өсуіне әсер еткен. 

Басылым мәліметінше, маңғыстаулықтар Facebook-та Ниязовтың жақтастарына арналған топ ашып, айыптың негізсіз екенін мәлімдеген. Топқа барлығы екі мыңнан аса адам тіркелген.