×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Қостанай дәмханаларының бірінде астыртын казино ашқандар сотталды

25.05.2022, 10:12
фото: ашық дереккөзден

Қостанай қаласындағы дәмханалардың бірінде покер клубы астыртын жұмыс істеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап. 

Заңсыз деректі Қаржы мониторингі агенттігі Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері анықтаған.

«Рұқсат етілмеген ойын мекемесін тексеру кезінде табылған заттай айғақтар, атап айтқанда «Покер» ойынына арналған кәсіби үстел, фишкалар, карталар және қолма-қол ақша сот үкімі негізінде жойылды. Сонымен қатар астыртын жұмыс істеген покер клубының ұйымдастырушылары мен сыбайластары Қылмыстық кодекстің 307-бабында көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп хабарлады ведомстводан.