×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Риддерде адам өлтірген қылмыскер 26 жылдан кейін анықталды

25.05.2022, 11:54
фото: ашық дереккөзден

ШҚО-да 26 жыл бұрын кісі өлтірген қылмыскер анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полиция мәліметінше, аға тергеуші Айдана Серікова 1996 жылы Риддер қаласында жасалған қылмысты ашқан.

Сондай-ақ ол іс материалдарын зерделеу кезінде қаза болған азаматтың сонау жылдары Ресей Федерациясындағы қызы мен әйеліне жолдамақ болып, жіберуге үлгермеген хаттарын тапты. Сақшы бір айдың ішінде марқұмның туыстарын тауып, оларға сол хаттарды жолдады.

«Осылайша, күйеудің әйеліне, әкенің қызына жолдаған хаттары 26 жылдан кейін оқылды. Бұл жаңалыққа қуанған олар көздеріне жас алып, полиция қызметкеріне зор алғыстарын жеткізді. Тергеушінің жұмысы істерді тергеу және процестік шешімдер қабылдау кезінде объективтілік пен салқындықты талап етеді. Алайда бұл хатта бір кісінің өмір тарихы, қызы мен жарына деген махаббаты мен оларға жеткізе алмаған сағыныш сезімі жазылғандықтан, тергеуші оны жойып жібере алмады», - делінген ПД ақпаратында.