×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Алматы облысында көлік тұрғын үйдің үстіне құлады

25.05.2022, 15:31
Фото: Instagram

Алматы облысында көлік жолдың жиегінен шығып кетіп, тұрғын үйге құлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға Іле ауданының Боралдай ауылында болған.

«BMW X5 көлігі 23 мамырдан 24-іне қараған түні рульге ие бола алмай, жолдың жиегінен шығып кетіп, тұрғын үйдің үстіне құлады. Үйдің шатыры, газ, жарық бағаналары бүлінген. Оқиғадан көлік жүргізушісі өзі жеңіл жарақат алған. Ол ауруханаға жатудан бас тартты», –  делінген полиция хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жүргізушінің үстінен ҚР ӘК 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жақын күндері сотқа жолданады.

«Құлаған үйдің иесіне келтірілген шығын көлемі есептелуде. Апаттан газдың құбыры жарылмаған. Ал электр бағанын электр станцияның мамандары қалпына келтірді»,- деп толықтырды ПД өкілдері.