×
472.17
495.5
7.57
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.17
495.5
7.57

Маусымда елдің үш өңірі қуаңшылық зардабын тартады – Қазгидромет

26.05.2022, 14:21
фото: ашық дереккөзден

Алдағы айда еліміздің үш өңірін құрғақшылық болуы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланған болжамда айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Синоптиктердің болжамынша, маусым айында республиканың басым бөлігінде құрғақшылық болу ықтималдығы төмен, ал ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады деп күтілуде. Дегенмен кейбір өңірлерде құрғақшылық болып, жаңбыр аз жаууы мүмкін.   

Атап айтқанда: Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында бірқалыпты құрғақшылық, ал Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында қатты құрғақшылық болуы ықтимал.

Сонымен қатар метеорологтар Жамбыл облысының Рысқұлов ауданында, Ақтөбе облысының Ойыл ауданында және Түркістан облысының Сайрам ауданында қолайлы орташа ылғалды жағдай болады деп болжап отыр.