Түркістан облысында автогаз бен дизель отыны тапшы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Өңірдегі көптеген жанармай құю бекеттерінде газ жоқ. Ал, жұмыс істеп тұрған, газ қоры бар бекеттерде жүргізушілер кезекке тұруға мәжбүр. Онда да тек арнайы шектеулермен сатылып жатыр. Әсіресе, егін науқаны басталған тұста дизель тапшылығы диқандарды тығырыққа тіреді.
Жергілікті әкімдік мәселе бірер күнде шешімін табатынына сендіріп отыр. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Қуаныш Өмірәлиевтің сөзінше, Ақтөбеден 2 мың тонна газ тиелген көліктер жолға шыққан. Ертең Түркістанға жетуі тиіс. Ал, қалғаны жөндеу жұмыстарынан өткен ШНОС арқылы берілмек.
Айта кетейік, Алматы да дизель отыны шектеулермен сатылып жатыр. Әкімдік қалада отын жетіспеушілігі мәселесі қалай шешіліп жатқанын түсіндірген.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәлімдеуінше, бұдан былай дизель сатуға шектеу енгізген жанар-жағармай құю станциялары жазаланады.