×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Сумен жабдықтау: Ақмолада техникасы мен маманы жоқ мердігерлер халықты зар илетіп жүр

06.04.2023, 17:42
Сумен жабдықтау: Ақмолада техникасы мен маманы жоқ мердігерлер халықты зар илетіп жүр
фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысында 30-ға жуық проблемалық сумен жабдықтау нысаны анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымы халықты толғандыратын салалардың бірі ретінде облыстың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына енгізілген. Сумен жабдықтау проблемалары Ақмола облысының көптеген аймақтарында бар, барлығы 30-ға жуық проблемалық нысандар анықталған.

“Мониторинг белгілегендей, жекелеген мердігерлік ұйымдар сумен жабдықтау объектілерін салу және реконструкциялау жөніндегі өз міндеттемелерін тиісті түрде орындамайды. Бұл ретте тапсырыс берушілер жобаларды уақтылы және сапалы орындау жөнінде шаралар қабылдамайды. Мысалы, компаниялардың бірі облыстың 6 ауданында 2 млрд теңгеден астам сомаға шарт жасасты. Алайда, іс жүзінде барлық шарттар бойынша кестелердің артта қалуына немесе сапасыз жұмыстарға байланысты жұмыстарды орындау мерзімі ұзартылды. Сонымен қатар, мердігердің қажетті материалдық-техникалық базасы мен білікті мамандары жоқ екені анықталды”, – делінген ведомство хабарламасында.

Департамент басшысы Арман Рахимовтың сөзінше, мердігерлер ЖСҚ-ның кемшіліктері мен қате есептеулері туралы біле тұра, мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасып, одан кейін материалдар мен жұмыстардың қымбаттауына сілтеме жасай отырып, жобаны түзетуді ұсынады және сол арқылы өз жұмыстарының мерзімдерін ұзартады. Нәтижесінде барлық тәуекелдер мен қымбаттаулар бюджет қаражаты есебінен өтеледі, ал мердігерлер объектілердің берілуін жылдар бойы кешіктіреді. Соның кесірінен аймақ халқы зардап шегеді.

"Бүгін айтылған проблемалық объектілер әлі пайдалануға берілмегендіктен, олар бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде шұғыл шаралар қабылдау қажет. Әйтпесе, лауазымды тұлғалар мен жосықсыз мердігерлер жауапкершілікке тартылатын болады", - деді Арман Рахимов.