Көлік қаққан ер адам жолдан өтіп бара жатқан, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Pavlodarnews.kz-ның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Екібастұз қаласындағы Беркімбаев көшесінде болған. Көлік қаққан 34 жастағы ер адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Ол жабық бассүйек-ми жарақатын алды және миы орташа деңгейде шайқалған. Сондай-ақ, екінші деңгейлі травматикалық шок алып, кеуде тұсы зақымданған және екі қабырғасы сынған.
«Volkswagen Passat көлігінде отырған 2004 жылғы кәмелеттік жасқа толмаған жүргізуші жолдан өтіп бара жатқан 1987 жылғы ер адамды қағып кеткен. ҚР қылмыстық клдексінің 345 бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген облыстық Полиция депаратаментінің баспасөз хабарламасында.