×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

«Жаңа Қазақстанның жаңа «технологиясы»: Сарыағашта жол төсеушілер құм үстіне асфальт құйған (ВИДЕО)

31.05.2022, 09:39
видеодан алынған кадр

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы ешбір стандарттарға сай келмейтін жол төсеу технологиясы жұрттың жағасын ұстатты. Желіде тараған видеодан шаңы бұрқыраған топырақтың үстінен бірден асфальт құйылып жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Жаңа Қазақстанның жаңа жолдары. Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округіндегі жағдай. Бетон құймай асфальт төсеп жатыр. Мұны ешкім назарға алып жатқан жоқ. Арасында су шашып қояды. Ертең бұл көтеріліп кетпесіне кім кепіл?», – дейді видео авторы.

Желі қолданушылары мұндай жағдайға үйреншікті болып кеткенін жарыса жазуда. «Дәстүрлі әрі қалыптасқан жағдай. Бөлінген 100 пайыз қаражаттың 10 пайызы жолға бұйырса да қуана бер», «Сарыағаштың технологиясы ғой. Онда жолды ешқашан сапалы салмайды», «Жол жол емес, сор болды», «Есіл қаржы, құмға құйған су сияқты» дейді видеоға қатысты пікір білдірушілер.