×
472.17
495.5
7.57
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.17
495.5
7.57

Алматы облысында мұғалімдерді ақылы курстардан өтуге мәжбүрлеген

02.06.2022, 09:24
фото: ашық дереккөзден

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында мұғалімдерді ағылшын тілінен ақылы курстардан өтуге мәжбүрлеген. Бұл туралы желіде тараған аудиожазбада айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аудиожазбада әйел мұғалімдерден тіркеліп, оқу болатын жерге қолма-қол ақша төлеуді сұраған. Сондай-ақ, ол тізім бойынша әрқайсысын тексеретінін ескерткен.

 

Оның сөзінше, ақылы оқуға 215 оқытушының ішінен 124 оқытушы тіркелген.

"Банк карталары мен басқа төлем жоқ, ақшаны өзіңізбен бірге алып келіңіздер. Қатыспағандар маған директорларының қолы қойылған түсініктеме алып келсін", – дейді әйел.

Алматы облысының білім басқармасы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, ауданның оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері жазаланды.

"1-4 маусым аралығында Еңбекшіқазақ ауданы аумағында екі күндік ақылы ағылшын тілі курстары өткізілді. Біз ақылы курстар мен семинарларды өткізуге қатаң тыйым саламыз. Ауданның оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері жазаға тартылып, ескерту алды", - деп хабарлады ведомстводан.