×
475.51
464.15
8.2
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
475.51
464.15
8.2

Түркістанда 1500 оқушы бір мезгілде "Балбырауын" күйін тартты

02.06.2022, 13:48
фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістанда 1500 оқушының орындауында Құрманғазының «Балбы­ра­уын» күйі орындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстың өнерлі балалары «Dombyra Party» флеш-мобына қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Халық көп шоғырланған ортада, ашық аспан астында ұйымдастырылған ауқымды шаралар қазақтың төл аспабын насихаттап, ұлттық өнерді паш етті.

«Балалар жылы» аясында өткізілетін «TURAN-BALAFEST» онкүндігі аясында өткізілетін 1 маусым — Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара «Керуен сарай» көпсалалы кешенінде өтті. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев балаларды мерекемен құттықтап, республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздарын марапаттады.

Қазақстан эстрада жұлдыздары, «Заман» тобы, әнші Айдар Байжанов, Түркістан облысының талантты оқушылары өнерлерін көрсетті. Балаларға тегін балмұздақ пен тәттілер таратылды.

Сондай- ақ мерекеге орай «DRONE CHALLENGE» және «ROBO FEST» көрмесі ұйымдастырылып, жас қылқалам шеберлерінің салған таңдаулы суреттері насихатталды.