×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Алматы облысында екі жігіт 17 жастағы қызды өлтіріп, денесін өртеп жіберген

02.06.2022, 15:43
фото: ашық дереккөзден

Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасының маңынан кәмелетке толмаған қыздың өртенген денесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық полиция департаментінің дерегінше, 2005 жылы туған қыздың жоғалғаны туралы арыз 27 мамырда келіп түскен. Анасы қызының 24 мамыр күні үйден шығып, қайтып оралмағанын айтқан.

 

Қыздың қайда екенін анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылған. Топ қыздың жоғалуына қатысы болуы мүмкін азаматтарды анықтаған. Олар – 1992 жылы туған К. есімді және 2001 жылы туған Б. есімді азаматтар. Екеуі қызбен жоғалып кеткен күні көшеде танысқан.

Алматы облысының тұрғындары қызды өлтіргендерін мойындап, Қапшағай су қоймасы маңында жерлеген орынды көрсеткен. Ер адамдар қылмыс ізін жасыру үшін мәйітті өртеп жіберген. 

Қыздың не себепті өлгенін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.