×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

10 күн бұрын ғана қызметіне кіріскен Ниязов әкімдіктен қайта шеттетілді

03.06.2022, 09:16
фото: ашық дереккөзден

Жуырда ғана қызметіне қайта кіріскен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов қызметінен қайта шеттетілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz InAktau.kz басылымына сілтеме жасап. 

Айта кетейік, Қаржылық мониторинг агенттігі Ниязовтың ұсталғанын 4 ақпанда растаған. Хабарланғандай, әкімнің орынбасары екі айға қамауға алынған еді. 17 ақпанда сот "Үй қамағы" бұлтартпау шарасын тағайындаған. 

24 мамырда Маңғыстау әкімінің орынбасары қызметтік міндетіне кіріскені белгілі болған еді. Дегенмен сот шешімімен келесі күні қызметінен уақытша шеттетілген.

"Қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылуына байланысты қызметі уақытша тоқтатылды. 2022 жылдың 27 мамырында осы сот шешімі заңды күшіне енді. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды", – деді Маңғыстау облыстық Экономикалық тергеу департаменті өкілдері.

Маңғыстау облысының сотының дерегінше, Ниязовтың үйқамақтағы мерзімі 24 мамырдан 24 маусымға дейін ұзартылған.

"25 мамырдан бері Ғалымжан Ниязов жұмыста жоқ. Қосымша ақпарат алу үшін құқық қорғау органына жүгініңіз", – деді облыс әкімдігіндегілер.