×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шығысқазақстандық әйел ауруханада боқтағаны үшін қамауға алынды

13.04.2023, 09:13
Шығысқазақстандық әйел ауруханада боқтағаны үшін қамауға алынды
medrussia.org

ШҚО-да ауыл тұрғыны ауруханада боқтағаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

YK-news.kz-тің жазуынша, ауыл тұрғыны Шемонаиха аудандық ауруханасына аяғынан жарақат алып жүгінген. Қабылдау бөлмесіне жеткізілген әйел басқа науқастармен бірге тексеруге кезек күткен. Күтуге шыдамы жетпеген тұрғын қоғамдық орындарда қолдануға тыйым салынған сөздерді қолданып, наразылығын білдіріпті. Аурухана қызметкерлері полицияға жүгінуге мәжбүр болған.

Әйелге қарсы әкімшілік іс қаралған Шемонаиха аудандық сотында тұрғынның қоғамдық орындағы балағат сөз үшін бұған дейін де жауапқа тартылғаны анықталды. Сот оған үш тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.

Еске салайық, 6 наурыздан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске балағат сөздер айтқаны үшін жазаны күшейтетін түзетулер күшіне енді. Бұдан былай қоғамдық орындарда боқтағандар 69 мың теңге айыппұл (бұрын 17 250 теңге болған) арқалайды немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады. Мұндай нормалар ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабына енгізілген.