×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Қызылорда облысында бюджет қаржысын жымқырған аурухана есепшілері сотталды

06.06.2022, 13:19
фото: ашық дереккөзден

Қызылорда облысында аудандық аурухана есепшілері 14 миллион теңге жымқырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz облыстық Қаржы мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомоствоның мәліметінше, Жаңақорған аудандық ауруханасының бұрынғы бас бухгалтері қызметтік өкілеттігін пайдаланып 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін жалған іссапар құжаттарын ресімдеп ақшасын түрлі адамдардың карточкаларына аударып отырған.

«Аталған дерекке аудиторлық тексерулер мен сарапшылардың материалдары қоса тіркеліп, сот-бухгалтерлік сараптама тағайындалды. Келтірілген шығын сомасы 14 миллион теңгеден асты. Аудандық аурухананың бұрынғы қызметкерлері М. Сатыбалдиева мен З. Шомантаева материалдық-қаржылық құжаттарға қол қою құқығымен байланысты қызметпен айналысу құқығынсыз 2 жылға 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үшінші тұлға М. Бөрібаев 2 жылға бас бостандығынан айырылды», делінген хабарламада.