×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

"Митинг өтіп жатыр": Түркістан облысында жалған ақпарат таратқандар ұсталды

14.04.2023, 16:13
видеодан кадр

Түркістан облысы Сайрам ауданының 2 тұрғыны Батыс Қытай - Батыс Еуропа автожолында өткізілген заңсыз автожарысты видеоға түсіріп, митинг өтіп жатқаны туралы жалған ақпарат таратқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілердің үстінен ҚР ҚК-нің 274-бабы бойынша "көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша кінәлілер бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін желіде Шымкенттегі жанармай құю станцияларының біріне жақын жол бойында ер адамдардың қалың қарасы түсірілген бейне тараған болатын.

Роликтің авторы онда бензин бағасының өсуіне қарсы митинг өтіп жатқанын мәлім еткен.

Полицейлер видео 12 сәуірде түсірілгенін және трассада автожарыс өткізілгенін айтып, ақпаратты жоққа шығарды.

Серіктес жаңалықтары