×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Алаяққа алданған Хромтау тұрғыны 10 млн теңгесінен айрылды

09.06.2022, 09:21
фото: ашық дереккөзден

Хромтау қаласының 53 жастағы тұрғыны жиған-терген бар қаржысынан айрылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ақтөбе облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Әйелдің ұялы телефонына бейтаныс адам хабарласып, өзін банк қызметкерімін деп таныстырған. Сеніміне кірген алаяқ әйелден СМС хабарлама кодын алып, үш банктік шотындағы жалпы сомасы 10 млн-ға жуық жинақтарын жымқырған.

«Ұялы телефонына келген СМС-кодын алған алаяқ әйелдің барлық жинақтарын үш банктік шоттан өзінің картасына аударған. Осылайша, Хромтау қаласының тұрғыны 10 млн теңгеге жуық теңгесінен айырылған»,-деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдіктілерді анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.