×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Көкшетауда жеке үй өртеніп, 80 жастағы кейуана көз жұмды

10.06.2022, 17:27
фото: ашық дереккөзден

Көкшетауда  жеке үй өртеніп, 80 жастағы зейнеткер көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД дерегінше,10 маусымда сағат 11:56 шамасында жедел басқару орталығына Әбілқасымов көшесіндегі жеке тұрғын үйден өрт шыққаны хабарланған.

«Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 28 адам және 4 техника шақырылды. Сағат 12:33 кезінде өрт ауыздықталып, 13:18-де сөндірілді. Қызыл жалын 135 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті сөндіру кезінде 1942 жылы туған әйел адамның денесі табылды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық және өрт-техникалық сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.