×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Шымкент тұрғынын балтамен қорқытқан ер адам ұсталды

13.06.2022, 17:09
фото: ашық дереккөзден

Шымкентте ұландықтар төбелескен қарсыласын балтамен қорқытқан жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 10 маусым күні орын алған. Шымкент қаласының «Шығыс» шағын ауданында патрульдік қызмет кезінде әскери жасақ екі азаматтың жанжалдасып жатқанын байқайды. Сарбаздар келеңсіз жайттың себебін білмек болады. Сол сәтте ер адамдардың бірі екіншісіне балтамен ұмтылады. Тәртіп сақшылары балта ұстаған тұрғынды дер кезінде қарусыздандырады.

– Біз патрульдік бағытты айналып өтіп, екі тұрғынның қоғамдық тыныштықты бұзып жатқанын байқадық. Жанжал күшейіп, қақтығыс қайғылы оқиғаға ұласып кете жаздады, араласуға тура келді, – деп жауап берді патрульдік топтың бастығы Оразхан Орынбасар.