×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Ақтөбе облысының әкімі құтырған иттерді аулауға қанша қаржы бөлгенін айтты

14.06.2022, 12:50
фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өңірдегі қаңғыбас иттерге қатысты жазатайым оқиғаларға өзін кінәлі сезінетінін мойындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бұл – біздің кемшілігіміз. Өткен жылы 17,5 мың қаңғыбас иттерді жойып, мәселені белгілі бір дәрежеде тұрақтандырған болатынбыз. Соңғы қабылданған Заңға байланысты (жануарларды қорғау туралы заңның) бұл жұмыс тоқтатылды. Сол себепті өз кінәмді жоққа шығармаймын. Біз осы заң бойынша жұмыстың жаңа қағидаттарына – аулау, зарарсыздандыру және чиптеуге көшкен жоқпыз», – деді аймақ басшысы.

Әкім құтырған иттерді ұстауға 41 миллион теңге бөлінгенін, қажет болған жағдайда қосымша қаржылық инвестицияны қарастыратын айтты.

«Қаңғыбас иттерді аулауға 41 миллион теңге бөлінді. Қажет болған жағдайда қосымша қаржы қарастыруға дайынбыз. Қаңғыбас иттерді бағу, емдеу мәселесі тағы бар. Оған да тиісті қаражат бөлу керек. Иттерді күтетін 2 орын бар. Олар «Ника» және ветеринариялық станция маңында орналасқан орындар. Осындай жерлердің санын арттыру көзделіп отыр», – деді Ондасын Оразалин.

Оңдасын Оразалиннің сөзінше, келесі жылдан бастап иттерге чип тағып, есепке алынады. Былтыр Ақтөбеде 17 500-ден астам иттің көзін жойылған.