×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Қарағандыға 200 келіге жуық есірткі апарып сатпақ болған жамбылдықтар ұсталды

14.06.2022, 15:48
фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысында есірткінің ірі партиясын жеткізушілердің жолын кесу мақсатында өткізілген арнайы операция барысында 198 кг марихуана және 6 млн теңгеден астам ақша тәркіленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысының үш тұрғыны республика өңірлеріне айтарлықтай көлемде есірткі жеткізумен айналысатынын анықтаған.

«12 маусымда «Қарасора-2022» ауқымды республикалық операциясы аясында жедел-тергеу шаралары кезінде есірткі тасымалдау, сақтау және өткізу күдігі бойынша 34, 39 және 56 жастағы үш ер адам ұсталды. Оның барлығы - Жамбыл облысының тұрғындары. Ұсталғандардан 6 млн 435 мың теңге қолма-қол ақша, өсімдік тектес зат салынған сегіз қап тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол жалпы салмағы 198 кг кептірілген марихуана болып шықты», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Бауыржан Миссалимов.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары тергеу жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ кеше түнде Алматы және Тараз қалаларында осы топтың 3 адамы ұсталды. Олардан «Range Rover» және «Лексус» автомобильдері, қару тәркіленді.