×
468.45
489.06
7.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.45
489.06
7.66

Ақмола облысында екі жасар бала ауладағы дәретханаға құлап мерт болды

14.06.2022, 16:26
фото: ашық дереккөзден

Бүгін, 14 маусымда Ақмола облысы Бұланды ауданында қайғылы жағдай болды. Екі жасар бала даладағы дәретханаға құлап кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 14 маусымда сағат 11:30 шамасында Бұланды аудандық полиция бөліміне ауылдардың бірінің тұрғынынан қоңырау келіп түскен. Ол жеке үйдің ауласында жүрген 2 жасар ұлының абайсызда дәретхана шұңқырына құлап кеткенін айтқан.

Шақырту орнына тәртіп сақшылары мен құтқарушылар, жедел жәрдем көлігі жеткен. Алайда баланы құтқару мүмкін болмаған.

"Баланың оқиға орнында есін жимастан көз жұмғаны анықталды", - дейді полицейлер.