×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Маңғыстаулық жұмысшылар Смайыловтың Жаңаөзенге келуін талап етті (ВИДЕО)

15.06.2022, 17:24
видеодан алынған кадр

Әділет іздеген жаңаөзендік жұмысшылар президентке үндеу жолдап, Үкімет басшысының өңірге келуін талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Біз Өзенмұнайгаз акционерлік қоғамына қызмет ететін мердігер компаниялар жұмысшылары, атап айтқанда, “Кезби”, “Бұрғылау”, “БатысГеофизСервис”, “Бейбарыc LTD” ,"TENGE OIL & GAS" жауапкершілігі шектеулі серіктестерінің қызметкерлері бірнеше айдан бері жұмыссыз жатырмыз. Аталған мердігер мекемелерде жұмысшылардың құқықтары тапталып, қудаланып, жұмыстан босатылып, мәселе шиеленісіп, үлкен ереуілдерге итермелеуде. Жергілікті билік басшыларынан ешқандай нәтиже көрмегендіктен халық наразы. Мәселемізді шешу үшін Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың Жаңаөзенге келуін талап етеміз”, – делінген жұмысшылар үндеуінде.

Айта кетейік, бұдан бұрын «Кезби» ЖШС мұнай сервистік кәсіпорнында өрт шығып, жұмысшы қаза тапқан еді. Әлеуметтік желіде жарияланған кәсіпорын қызметкерінің жазбасына сүйенсек, қайғылы жағдай еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы,техниканың әбден тозуы салдарынан болған.