×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Күршімді ластап, көк майса жерді қопарған алтын қазушылардың артында кім тұр? (ВИДЕО)

16.06.2022, 12:04
видеодан алынған кадр

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылының тұрғындары Күршім өзенін ластап, көк майса жерді қопарып жатқан беймәлім компанияның жұмысына наразы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Желіде жарияланған видеода ауыл тұрғындары өзен бойын қазып жатқан жұмысшылардан басшылықтары келіп, істің анық-қанығын түсіндіргенше жұмыстарын тоқтатуды талап етуде. Айтуларынша, бұл мәселені көтеру үшін Маралды ақсақалдары елордаға аттанған.

Мұратхан Серік есімді азаматтың жазуынша, алтын қазып жатқан Ресей компаниясы болуы мүмкін. 

“Отқа салса жанбайтын,суға салса батпайтын, зейнетке Қазақстан Республикасы президенті шығара алмайтын Данял Ахметовт ШҚО-да тағы не үшін әкім болып қалды? Оны неге алып тастай алмады? Артынан батпан-батпан алтын тіреген әкімге шамасы жетпесе Ұлытауда құрылтай ашқаннан не пайда? Күршім – ең керемет, байлығы тасыған, көркі көз тойдыратын жер. Ондағы тұнық өзен, тұмса табиғат сақталуы, болашақ ұрпаққа қалуы керек. Экологиялық апат болмауы керек”, – деп жазды ол желідегі парақшасында.