×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Түркістандағы ірі дәмханалардың бірі өртенді

16.06.2022, 14:11
фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының өрт сөндірушілері  «Жеті Тандыр» дәмханасындағы өртті оқшауланды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

16 маусымда сағат 11:48-де Түркістан қаласында екі қабатты «Жеті Тандыр» дәмхананың екінші қабатында өрт шыққан.  Алдын ала мәлімет бойынша өрт 400 шаршы метрді шарпып, ғимараттың шатырына өткен. Өрт сағат 12:50-де оқшауланды. Өрт көлемі нақтыланып жатыр, - делінген хабарламада.

Оқиға орнынжа жедел штаб ұйымдастырылды. 

Әкімшіліктің айтуынша, өрт сөндірушілер келгенге дейін келушілер ғимараттан өздігінен шығып кеткен.  Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. 

Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД, Апаттар медицинасы орталығының 28 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылды.