×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Қарасан: Қарағанды облысындағы екі елді мекенде карантин енгізілді

16.06.2022, 16:29
фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысындағы екі елді мекенде ірі қарадан қарасан ауруының анықталуына байланысты карантиндік шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 «Шет ауданы Ақшоқы ауылдық округіне қарасты Қызылтау және Ақбауыр елді мекендерінде қарасан ауруы белгісімен ірі қара мал өлген. Осыған орай, 11 маусымда мамандар қарасан ауруын анықтау мақсатында сынама алды. Қорытынды бойынша екі сынамадан қарасан ауруы расталды. Осының негізінде екі елді мекеннің аумағында карантиндік шаралар енгізілсін», - делінген селолық округ әкімі шығарған қаулыда.

Карантин шаралары нақты белгіленбеген мерзімге енгізілген.