×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Маралдыдағы алтын дауы: министр Сүлейменова экологиялық жанжалға араласуға құлықсыз

24.04.2023, 16:34
Маралдыдағы алтын дауы: министр Сүлейменова экологиялық жанжалға араласуға құлықсыз
Коллаж: Ulysmedia.kz

Экология министрі Зүлфия Сүлейменова Шығыс Қазақстан облысының Маралды кентінде болып жатқан экологиялық жанжалға түсініктеме беруден бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астанадағы бизнес-форумда экология министріне осы мәселе бойынша сұрақ қою мүмкіндік туған, алайда Зүлфия Сүлейменова "алтын" дауын талқылауға құлықсыз екенін аңғартты.

Ол алтын фабрикасы жөнінде пікір білдіруден бас тартып, бұл мәселеге қазір жергілікті әкімдік пен индустрия министрлігінің жауапты екенін, ал оның ведомствосы осы жағдай бойынша өз ұстанымын жариялағанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысы Маралды ауылындағы алтын жыры әлі басылмай тұр. Екінші жыл қатарынан жергілікті тұрғындар ауыл аумағына алтын қазатын фабрика салынбасын деп талап қойып келеді. Амалы таусылған халық тіпті президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан «олигархтардан қорғауды» сұраған.

Маралды ауылында өнеркәсіп ауқымындағы алтын кеніштер орналасқан. Елдімекен іргесіндегі тау төбелер құрамында алтыны бар тотыққан кендерге қызыққандар тау-кен кәсіпорнын салғалы отыр. Өндірістің негізі ретінде натрий цианидін қолдану арқылы ірі шаймалау технологиясы таңдалған (бұлар суда оңай еритін улы түссіз кристалдар). Алайда сондағы әйгілі «Күршімнің сулары» Маралды өзені арқылы Күршімге, одан әрі еліміздің ең үлкен өзені Ертіске құяды. Ауыл тұрғындары алтыны бар ірі өндірістер суды ластайды деп қауіптенеді. 

Бұдан бұрын Маралды ауылының тұрғындары алтын фабрикасына наразылық ретінде үйлерінің аулаларына жаппай плакат ілген.

Сондай-ақ, 19 наурызда өткен Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы кезінде Маралды ауылының тұрғындары мен сол ауылдан шыққан азаматтар сайлау бюллетеніне өздерін мазалаған мәселені жазып, наразылығын білдірген еді.