×
465.38
483.58
7.69
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
465.38
483.58
7.69

30-дан астам адам ұсталды: Атырауда футбол жанкүйерлері жаппай төбелесті

20.06.2022, 09:39
видеодан алынған кадр

Атырауда “Атырау” мен “Ақтөбе” футбол командаларының жанкүйерлері жаппай төбелесіп, 30-дан астам адам ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 маусым күні сағат 17:55 шамасында «Атырау-Ақтөбе» футбол құрамаларының ойыны басталмас бұрын стадион алдында жанкүйерлер арасында қақтығыс орын алған. Полиция қызметкерлері қоғамдық орында құқық бұзушылыққа жол берген 30 адамды ұстады. Олар Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізілді», – делінген полиция хабарламасында.

Осы оқиға бойынша полиция қызметкерлері тиісті құжаттарды жинақтап жатыр.

Әлеуметтік желіде тараған қару қолданылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпаратқа сенбеу, ресми органның мәліметіне жүгіну қажеттігін қаперге саламыз. Қақтығыс кезінде жанкүйерлердің қолында түрлі-түсті түтін шығаратын дыбысы бар зат болған», -деп мәлім етті баспасөз қызметінен.